36 мемлекеттік нысан сатылымға қойылды

36 мемлекеттік нысан сатылымға қойылды
Сурет: ашық дереккөз

Қаңтар-мамыр айларында мемлекет меншігіндегі 369 нысан жекешелендіруге берілді. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  

ҚазАқпарат таратқан мәлімет бойынша, жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 669 объектіні сату көзделген.

«Есепті кезеңде 312 млрд теңге сомасына 369 объект сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. Тағы 36 объекті сатуға қойылды», - деді Қаржы министрі Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің айтуынша, 62 объекті қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді. Ал 202 объекті сату алдындағы дайындықта тұр.