34 шақырым арық желісі ауыстырылды

34 шақырым арық желісі ауыстырылды
Сурет: ашық дереккөз

Жауын-шашын кезінде су басатын учаскелер санын азайту мақсатында 52 учаскеде 34 шақырым арық желісі ауыстырылып, жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Бүгінгі таңда жалпы ұзындығы 7,5 шақырым болатын 17 учаскеде жөндеу жұмыстар аяқталды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін ұзындығы 2,7 км болатын тағы 8 учаскеде жұмыстарды аяқтаймыз. Қалған 27 учаске бойынша жалпы ұзындығы 23,8 км жұмысты жалғастырып, 2024 жылы аяқтаймыз. Соңғы рет мол жауған жауын кезінде су ағынына төтеп бере алмайтын қолданыстағы арық желілерінің қосымша учаскелерін анықтадық, сондықтан жобаға тиісті түзетулер енгізілді, -деді қала әкімі.