«33 градус аяз»: "Қазгидромет" ауа райы болжамын жариялады

«33 градус аяз»: "Қазгидромет" ауа райы болжамын жариялады
Сурет: Kazlenta.kz

Алдағы күндері аязды ауа райы сақталады

Алдағы үш күнде Қазақстан аумағына Қара теңіз аймақтарынан келетін ауқымды антициклон ықпал етеді, күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, 17 ақпанда тек қиыр солтүстікте,  республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда фронтальды бөліктердің ықпалымен қар жауады.

Солтүстікте ауа температурасы түнде 10-23 градус аяз, орталықта және шығыста 17-27 градус, кей өңірлерде 33 градус, оңтүстікте 5-15 градус аяз сақталады.