300-ден астам адам жолда қалды

300-ден астам адам жолда қалды
Сурет: "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

Ауа райының қолайсыздығы жағдайында жолаушылар пойыздары 300 астам адамды алып кетті

Ағымдағы жылдың 13-14 желтоқсан аралығында қардың, аяздың және автомобиль жолдарының жабылуының қиын жағдайларында "Жолаушылар тасымалы" АҚ басқа да тасымалдаушылармен бірлесіп адамдарды әкетуді ұйымдастырды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Жолаушылар пойыздары Боранды станциясынан Шымкент және Түлкібас станцияларына ауа райы қолайсыз аймақтан 300 астам адамды тасымалдады. Мәселен, Шымкентке 240 жолаушы №33 "Алматы — Ақтөбе" және №77 "Алматы- Маңғыстау" пойыздарымен жеткізілді.  Тағы 108 жолаушы №55 "Көкшетау — Қызылорда" пойызымен тасымалданды. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, жолаушылар пойыздарының қозғалысы тоқтамайды. Теміржолдың барлық құрылымдық бөлімшелері жолаушыларды қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етті.