3 маусымға арналған ауа райы болжамы

3 маусымға арналған ауа райы болжамы
Cурет: Ашық дереккөз

Қазақстанның басым бөлігінде жел тұрып, кей жерлерде үсік жүреді

«Қазгидромет» РМК-сы 3 маусым күні еліміздің өңірлеріндегі күн райына байланысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

3 маусым күні Нұр-Сұлтанда кей уақытта найзағай ойнап, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

3 маусым күні күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге жетеді.

Шымкентте таңертең және күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда найзағай, дауыл тұрад. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында күндіз найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың шығысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетіп, екпіні 25 м/с болады.

3 маусым күні түнде Ақмола облысының солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Көкшетауда найзағай, бұршақ жауады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылордада түнде найзағай ойнайды, өрт қаупі сақталады.

Семейде 3 маусымда төтенше өрт қаупі сақталады.

3 маусым күні күндіз Павлодар облысының батысында, шығысында найзағай ойнады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз батысында, шығысында, облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Павлодарда 3 маусымда күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

3 маусым күніі күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз желдің жылдамдығы облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с-ке жетеді.

Қостанайда күндіз найзағай ойнайды.

Күндіз 3 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Солтүстіктен жел соғады, солтүстікте, шығыста желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады.

Петропавлда күндіз солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Таулы өңірлерде нөсер жауын жаууына байланысты 2022 жылдың 2-3 маусым аралығында Жамбыл облысының тау және тау етегіндегі аудандарында өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін.