3 қалада ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі

3 қалада ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі
Сурет: Egemen.kz

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

26 наурызда Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында ауаның ластанады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.