28 наурызға арналған ауа райы болжамы

28 наурызға арналған ауа райы болжамы
Cурет: Ашық дереккөз

Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі

28 наурыз, дүйсенбіде, Қазақстанның басым бөлігіне солтүстік-батыс циклон және атмосфералық фронттар әсер етеді. Осыған байланысты жаңбыр мен қар жауады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

"Қазгидромет" мәліметіне қарағанда, Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ, солтүстік жартысында бұрқасын соғады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысының оңтүстігінде және шығысында жел қарқыны - 15-20 м/с. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында тұман болады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, таңертең және күндіз таулы аудандарда жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ, тұман, облыстың басым бөлігінде желдің күші - 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың басым бөлігінде жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с дейін күшейеді, түнде облыстың батысында тұман, күндіз шығыста шаңды дауыл соғады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел қарқыны - 15-20 м/с.

Қостанай облысында желдің күші 15-20 м/с, батыста, солтүстікте екпіні 25 м/с жетеді, батыста, солтүстікте жаяу бұрқасын, көктайғақ бболалы, облыстың шығысында тұман түседі.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, екпіні 15-20 м/с жел, түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.

Павлодар облысында жолдарда көктайғақ, облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, жолдарда көктайғақ болса, батысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, күндіз облыс орталығында желдің қарқыны 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.