26 тамызға арналған ауа райы болжамы

26 тамызға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Wallhere.com

Бейсенбідегі күн райының болжамы.

«Қазгидромет» РМК-сы 26 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Таратқан мәліметтерге қарағанда, 26 тамызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Тек атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен оңтүстік-шығыста, оңтүстікте таулы аудандарда және солтүстік-батыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-шығыста таулы аудандарда бұршақ жауады.

Алматы облысының таулы аудандарында күндіз найзағай ойнайды.

Жамбыл, Түркістан облыстарының таулы аудандарында күндіз және Қостанай облысының батысында найзағай ойнайды. Найзағай кезінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ жауады.

Қызылорда облысының батысында күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының батысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.