24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Сурет: Рorosenka.net

Бүгінге арналған күн райы болжамы

«Қазгидромет» РМК дерегінше, синоптиктер 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды  Almaty-akshamy.kz.

Қазақстанның батысында, орталығында және шығысында фронттардың ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады. Осыған байланысты жаңбыр жауады. Елдің орталығында және шығысында аздаған жауын-шашын жауады. Республиканың қалған аумағында жаңбыр жаумайды, күн ашық болады. Елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және шығысында жел күшейеді. Оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.

Республиканың солтүстігінде және солтүстік-батысында тұман түседі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел екпіні 18-23 м/с дейін күшейеді. Түнде Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында, Түркістан облысының таулы аудандарында және батысында жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығында және батысында, Маңғыстау облысының орталығында, солтүстік-шығысында жел мен шаңды дауылдың күші 15-20 м/с шамасында болады. Түнде Атырау облысының оңтүстігінде және орталығында, күндіз басым бөлігінде жел екпіні - 15-22 м/с.

Батыс Қазақстан облысының шығысында, күндіз оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстік-шығысында, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысында тұман күтіледі. Қарағанды облысының оңтүстігінде және батысында жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Түнде Алматы, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады