21-23 қарашада жаңбыр мен қар болжанды

21-23 қарашада жаңбыр мен қар болжанды
Сурет: ашық дерекөз

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның көп бөлігі белсенді циклон ықпалында болады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

«Қазгидромет» РМҚ ақпараты бойынша, 21-23 қарашада жаңбыр мен қар болжанады. 22 қарашада елдің батысы, солтүстік батысында, 22-23 қарашада оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр, қалың қар түседі.

Республика бойынша желдің екпіні 15-28 м/с дейін күшейіп, солтүстік бөлігінде оған боран мен көктайғақ қосылады.

Кезең соңына қарай елдің батысында ауа температурасы 2-12 градусқа дейін түседі. Шығыста температура түнде 8-13 градус аяздан 0-5 градусқа дейін жылиды. Қазақстанның басқа аумағында ауа райы қалыпты болмақ