2025 жылы ішкі нарық құс етімен толық қамтамасыз етіледі

2025 жылы ішкі нарық құс етімен толық қамтамасыз етіледі
Сурет: Eldala.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты.

2025 жылға қарай құс фабрикаларын салу және жаңғырту есебінен толық импортты алмастыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«2021 жылы құс еті бойынша импорт үлесі 168,5 мың тоннаны, жергілікті өндіріс 282,3 мың тоннаны құрады. Осылайша, жалпы өндіріс қуаты жылына 223,1 мың тоннаны құрайтын 23 құс фабрикасын салу және жаңғырту есебінен 2025 жылға қарай толық импортты алмастыру жоспарланып отыр», - деді Ербол Қарашөкеев.

Сонымен қатар ол 2025 жылдың соңына дейін 24 ет комбинаты пайдалануға берілетіндігін айтты.

«2025 жылдың соңына дейін 24 ет комбинатын іске қосу, 8,2 мың гектар алаңда бақтар салу бойынша 22 жоба, 20 сүт өңдеу зауытын іске қосу, 23 құс фабрикасын салу және кеңейту, жаңғыртуға қатысты 2 жоба және 1 қант зауытын салу жоспарлануда», - деді министр.