2022 жылы Алматының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға 160 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды

 2022 жылы Алматының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға 160 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды
Сурет: ашық дереккөз

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жалпы бюджеттің үлесінен 12,4% – 160,3 млрд. теңге бағытталды, 2021 жылмен салыстырғанда өсім 3,6 млрд.теңге немесе 2,3%-ға тең. Бұл туралы қалалық мәслихаттың VI сессиясында Алматы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Жастарды қолдау аясында 2022 жылы бюджет қаражаты есебінен 469 пәтерлік 6 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Қалалық әлеуметтік инфрақұрылымның 27 нысанына инженерлік желілердің құрылысы аяқталды.

Сумен қамту және су бұру жүйесін дамыту шеңберінде:
- Наурызбай ауданының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін «Ақсай» және «Қарғалы» өзендерінде 2 су жинағыш құрылысын салу,
- «Құрылысшы» және «Өжет» ш/а-да 5 сорғы бекетін салу,
- «Қарасу», «Жас-Қанат», «Боралдай», «Шаңырақ-1», «Төменгі бесжылдық», «Әйгерім – 1,2», «Шуақты», «Первомайка» ш/а магистральдық және тарату желілерін салу.