Былтыр Алматыда жастарға 469 пәтер берілді

Былтыр Алматыда жастарға 469 пәтер берілді almaty-akshamy.kz

2022 жылы Алматының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға 160 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жалпы бюджеттің үлесінен 12,4% – 160,3 млрд. теңге бағытталды, 2021 жылмен салыстырғанда өсім 3,6 млрд.теңге немесе 2,3%-ға тең. Бұл туралы қалалық мәслихаттың VI сессиясында Алматы қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Жастарды қолдау аясында 2022 жылы бюджет қаражаты есебінен 469 пәтерлік 6 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. 


Қалалық әлеуметтік инфрақұрылымның 27 нысанына инженерлік желілердің құрылысы аяқталды.


Сумен қамту және су бұру жүйесін дамыту шеңберінде:
- Наурызбай ауданының тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін «Ақсай» және «Қарғалы» өзендерінде 2 су жинағыш құрылысын салу,
- «Құрылысшы» және «Өжет» ш/а-да 5 сорғы бекетін салу,
- «Қарасу», «Жас-Қанат», «Боралдай», «Шаңырақ-1», «Төменгі бесжылдық», «Әйгерім – 1,2», «Шуақты», «Первомайка» ш/а магистральдық және тарату желілерін салу.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26