2022 жылғы қазақстандық түлектерге қандай мамандықтар ұнайды?

2022 жылғы қазақстандық түлектерге қандай мамандықтар ұнайды?
Сурет: Almaty.tv

Стоматолог болғысы келетіндер көп.

Қазақстандық мектеп түлектері арасында ең сұранысқа ие мамандықтар аталды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Turkystan.kz сілтеме жасап. 

«Техникалық мамандықтардың ішіндегі ең беделді мамандық – ақпараттық технологиялар (IT). Екінші орында химия және биология, талапкерлердің 18 пайызы осы пәндерге қатысты мамандықтарды таңдайды. Стоматология үшін өте жоғары бәсекелестік бар. Одан кейін педагогикалық мамандықтар сұранысқа ие», – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.