16 наурызға арналған ауа райы болжамы - елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады

16 наурызға арналған ауа райы болжамы - елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады
Сурет: Vlast.kz

"Қазгидромет сәрсенбіге" арналған ауа райы болжамын жариялады

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Республиканың солтүстік жартысында негізінен қар түрінде, оңтүстік жартысында негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтіледі, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, қар жауады. ҚР бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасындатады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Республиканың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман, күндіз найзағай күтіледі, батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20, кей уақытта екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с, Қостанай облысының шығысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың орталығында және оңтүстігінде көктайғақ болады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман болжанады.

Шығыс Қазақстан облысында жолдарда көктайғақ, түнде солтүстікте, шығысында тұман түседі.

Маңғыстау облысында көктайғақ, тұман болуы ықтимал.