16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

"Қазгидромет" синоптиктері 16 қаңтар, дүйсенбіге, арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Кең ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі де жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың қиыр солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронттардың ықпалымен қар жауады, жел күшейіп, боран соғады.

Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман бар.

Түнде солтүстікте, Жетісу облысының таулы аудандарында - 28-33 градус аяз, Алматы облысында 24-29 градус қатты аяз сақталады.