Ескі де жаңа «Әліппе» ертең қолға тиеді

Ескі де жаңа «Әліппе» ертең қолға тиеді
Сурет: Newsroom.kz

Халықтың сұрауымен, мемлекеттің мақұлдауымен биыл «Әліппе» қайта оралды. 

Бұдан бұрын еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Әліппенің»  Ахмет Байтұрсынұлының 1912 жылы шыққан оқулығының түпнегізінде жасалатынын айтқан болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Жаңа оқулықта ұлт ұстазының кітабында ұстанған дыбыстық әдіс идеясы бар екен. Ондағы әріптердің орналасуы оңайдан қиынға бағытталған. Енді балалар сөйлем құрауды оңай игере алуы тиіс. Жаңа оқулықтағы әріптердің реті өзгерген. Алғашқы «А» әрпінен кейін бұрынғыдай «Б» емес, «Р» әрпі тұрады. Себебі Ахмет Байтұрсынұлы балаға әуелі «Ар» сөзін үйрету маңызды деген.

Жаңартылған әліппеде заманауи технология да ескерілген. Оқулықтың әр бетінде QR-код бар. Оны сканерлеп, аудиожазбалар тыңдауға да мүмкіндік бар. Тіпті тапсырмалар да жалпылама берілмей, оқушыға қосымша ретінде арнайы дискте ұсынылады. 

Жаңарған оқулықтың алғашқы данасы мектеп табалдырығын енді аттағалы отырған балалардың қолына ертең, яғни 25 тамызда, тиеді.