16 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Tengrinews.kz

Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, сондықтан жауын-шашын тоқтап, температуралық фон төмендейді.

Синоптиктер 16 ақпан, сәрсенбі күні, ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Республиканың солтүстік және шығыс жартысы арқылы атмосфералық фронттар қар мен жаяу бұрқасынды сақтай отырып қозғалады. Елдің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Түнде Ақмола облысының батысында тұман түседі, облыстың шығысында жел екпіні - 15-20 м/с. Алматы облысының таулы аумақтарында және тау бөктерінде тұман, көктайғақ болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұман күтіледі, таулы асуларда жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында, батысында желдің қарқыны - 15-20 м/с . Жаяу бұрқасын соғады.

Түнде Павлодар облысының батысында жаяу бұрқасын көтеріліп, жел екпіні 18 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында және орталығында тұман түседі. Түнде облыстың шығысында жаяу бұрқасын соғып, желдің күші 18 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде, күндіз шығысында бұрқасын соғады. Оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.