15 жеке меншік және 1 мемлекеттік балабақша ашылды

15 жеке меншік және 1 мемлекеттік балабақша ашылды
almaty-akshamy.kz

Ауданның мектепке дейінгі ұйымдарындағы орын тапшылығын азайту үшін 2023 жылы 15 жеке меншік және 1 мемлекеттік балабақша ашылды, деп хабарлады Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында.

  • Күрделі жөндеуден кейін №113 бөбекжай-балабақша пайдалануға берілді.
  • Орбита-3 шағын ауданындағы бұрынғы балалар үйінің 2 ғимаратынан 480 орындық балабақша салынады. 
  • «Мектеп автобусы» жобасы аясында Бостандық ауданында 14 мектеп автобусы 6 мектептің оқушыларын тасымалдайды.
  • Сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тасымалдау мақсатында биыл «№2 арнайы бөбекжай-балабақша» мекемесі үшін  2 автобус бөлінеді.