15 жастағы спортшы Олимпиадада ең мықты екенін мойындатты

15 жастағы спортшы Олимпиадада ең мықты екенін мойындатты
yandex.ru

Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева 2022 жылғы Олимпиададағы қысқа бағдарламада жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

15 жастағы спортшыға жекелей сында өнер көрсетуге жарысқа бір күн қалғанда рұқсат берді. Валиева командалық жарыстан кейін допинг дауына іліккен еді. Бірінші кезеңде ол 82.16 балл жинады, ал бірінші элементтегі қателік болмағанда, одан да жоғары ұпай жинар еді.  Екінші орында Анна Щербакова - 80.20 балл. Үшінші орында жапониялық Каори Сакамото (79.84).

Әйелдер арасында еркін бағдарлама бойынша турнир 17 ақпанда өтеді. Еске салайық, Валиева мұның алдында командалық турнирде Бейжің Олимпиадасының чемпионы атанды.