140-тан астам хирург 21 сағат ота жасады

140-тан астам хирург 21 сағат ота жасады
24 kz

Тұңғыш рет адам көзіне трансплантация жасалды

Науқастың көру қабілеті әзірге қалпына келмесе де, дәрігерлер бұл медицинадағы үлкен жаңалық дейді.

21 сағатқа созылған отаға 140-тан астам хирург қатысқан. Науқас әлі де біраз бақылауда болады.

Ол осыдан 2 жыл бұрын 7200 вольттық тоққа түсіп, оның сол жақ бетіне, мұрны, аузы, сол көзі мен қолына үлкен зақым келген екен. 

- Көз трансплантациясының өзі - алға жасалған үлкен қадам. Бұл ғасырлар бойы адамзат ойында болғанымен, осы уақытқа дейін орындалмай келген іс болатын. Көз алмасын алмастыру арқылы көру қабілеті қалпына келмесе де,  жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады, - дейді хирург Эдуардо Родригес.