14 жыл бойы іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

14 жыл бойы  іздеуде жүрген шетелдік ұсталды
polisia.kz

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды. Ол 14 жыл бойы жазасын өтеуден қашып жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

38 жастағы ер адамды Тұран ауданының көші-қон қызметкерлері рейдтік шара жүргізу барысында анықтады. Ел аумағында заңсыз жүріп-тұрған шетелдік ұзақ жылдар бойы қылмыстық қудалаудан жасырынып келгені белгілі болды.  Оған қатысты ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 2010 жылы ташкенттік құқық қорғаушылар қылмыстық іс қозғаған.

ҚР көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ер адамға ӘҚБтК-тің 517-бабына сәйкес шара қабылданды.

Қазіргі таңда ұсталған азамат өз еліне жіберілді.