1,4 мыңнан астам бала Қазақстан бойынша тегін рейстерді пайдаланды

1,4 мыңнан астам бала Қазақстан бойынша тегін рейстерді пайдаланды
Сурет: Stan.kz

Бұл шараның мақсаты – балалар авиабилеттерін субсидиялау арқылы азаматтарымызды Қазақстан Республикасының аумағында бүкіл отбасымен демалуға ынталандыру.

Балалардың тегін әуе саяхатына қол жеткізу үшін «Кids go Free» бағдарламасына қатысқысы келетін қазақстандықтар ішкі туризм саласындағы туроператорға жүгінуі және жоспарланған демалысы тек Қазақстан Республикасы аумағында өткізілуі қажет, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап

Бүгінгі таңда «Kids go Free» бағдарламасы бойынша турларға сұраныстың тұрақты өсуі байқалады. Жыл соңына дейін кемінде 2 мың баланы қамту жоспарлануда.