№123 автобустың бағыты уақытша өзгереді

 №123 автобустың бағыты уақытша өзгереді
Сурет: Ашық дереккөз

«Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС 21-22 маусымда 123 автобустың бағыты өзгеретінін мәлімдеді. 

Левитан көшесінде кабель желілерін салу және қозғалыс жолағының жабылуына байланысты 2022 жылғы 21 және 22 маусымда № 123 бағыттың қозғалыс схемасы уақытша өзгереді.

Солтүстік бағыттағы қозғалыс кезінде - Розыбакиев көшесі - Ходжанов көшесі - Гагарин даңғ. - бұдан әрі схема бойынша. Оңтүстік бағытта - өзгеріссіз.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жүрер жолдарыңызды алдын ала ойластырып алуларыңызды сұраймыз.