100 жас суретшілерінің туындылары қала жұртшылығына ұсынылды

100 жас суретшілерінің туындылары қала жұртшылығына ұсынылды

Наурызбай ауданы әкімдігінің жанындағы алаңда Елорда күні ерекше  тойланды. Мереке қарсаңында аудан тұрғындары мен қала қонақтарына арналған эстрада жұлдыздары мен аудандаға өнерпаздардың қатысуымен 2 сағаттық концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Көпбалалы аналардың ұлттық бұйымдар мен төсек жабдықтарының көрмесі қойылды.

Сондай-ақ,  "Bilim club" өнер орталығының 100 жас суретшілерінің туындылары қала жұртшылығына ұсынылды. Шахматтан спорттық сайыс, балабақша бүлдіршіндері арасында асфальтта сурет салу сайысы өткізілді.  Сонымен қатар, балалар ойын алаңдары мен қоғамдық тамақтану орындары ұйымдастырылды. Жаңа ғасыр қаласы, бейбітшілік мекені ретінде танылып келеді.

Ендеше, бүгінде қазақ елінің елордасы болуымен қатар халықаралық алқалы жиындардың да ордасына айналған ел астанасының  мерейі тасып, беделі асқақтай берсін деп тілейік.

Аталған шараға 3000-ға жуық адам қатысты.