100 мыңға жуық алматылық бала спорт және шығармашылық үйірмелерге тартылды

100 мыңға жуық алматылық бала спорт және шығармашылық үйірмелерге тартылды
Сурет: Vesti.kz

Олар екі мыңға жуық спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге барады. 

Алматы қаласында мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды жан басына нормативтік қаржыландыру қолданылады. Алматы қаласының әкімдігі қабылдаған барлық міндеттемелер толық көлемде орындалады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Бүгінде мемлекеттік тапсырыспен 100 мыңға жуық балалар мен жасөспірімдер (спорт және шығармашылық) қамтылды, мемлекеттік тапсырыстарды орналастыруға 1763 спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелер тартылды. 

Сонымен қатар, уәкілетті орган – Мәдениет және спорт министрлігі қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыстың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде.