1 млрд теңгенің темекісі тәркіленді

1 млрд теңгенің темекісі тәркіленді
Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан-Қырғыз шекарасында контрабандалық жүкті тасымалдаудың жолын кесті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

«2024 жылғы 23 наурызда «Айша бибі» автомобиль өткізу пунктінде ШҚ Жамбыл облысы бойынша департаменті алдын ала бағалау құны 1 млрд теңгеден асатын темекі өнімдерінің ірі партиясын анықтады», - делінген ҰҚК хабарламасында.

Аталған тауар азық-түлік түрінде тасымалданып, ілеспе құжаттары болмаған.

Ұсталған жүк тергелуі бойынша әрі қарай іс жүргізу үшін Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.