Бір аптада қанша шетелдік көлік заңдастырылды?

Бір аптада қанша шетелдік көлік заңдастырылды?
Сурет: Sn.kz

Шетелдік көліктерді заңдастыру 23 қаңтардан басталды.

27 қаңтардан бастап Қазақстанда 5,5 мың шетелдік автокөлік жеңілдетілген тәртіппен рәсімделді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бүгінде 28 мың қазақстандықтың шетелдік көлігін рәсімдеу туралы өтінімі мақұлданған.

Автокөлікті заңдастыру құны – 200 мың теңге көлемінде.

Шетелдік көлікті заңдастыру үшін мамандырылған ХҚКО мен электронды үкімет порталынан басқа, Halyk Homebank қосымшасында өтінім беруге болады.

Президент 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстанға әкелінген шетелдік автокөліктерді жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеуге тапсырма берген еді.