Әзірбайжан әуендері Алматы төрінде қалықтады

Әзірбайжан әуендері Алматы төрінде қалықтады
Cурет: Ticketon.kz

Жамбыл атындағы филармонияда Әзірбайжан әуендерінің кеші өтті

Мерекелік іс-шарада бауырлас елдің халық әндері орындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сондай-ақ кеш барысында кеңестік және заманауи композиторлардың шығармалары орындалып, өнерсүйер қауымды өзгеше күйге бөледі.

Айта кету керек, екі елдің ортақ тарихы сонау түркі заманынан бастау алады. Ал Кавказдың оңтүстік-шығысында орналасқан әзірбайжан халқы биыл Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде.   

«Бүгін әзірбайжан-қазақ мәдениетін, олардың музыкасын көрсеткіміз келеді. Тәуелсіздігімізді атап өтуге жағдай жасаған Қазақстанның Мәдениет министрлігіне алғысымды білдіремін. Біз үшін бұл үлкен жетістік», – деді Қазақстандағы Әзірбайжандар қауымдастығының басқарма мүшесі Гарип Мамедов.

Филармонияның көркін келтірген кеште Олжас Сүлейменов те бой көрсетті. Концерт барысында биыл өзінің 85 жылдық мерейтойын атап өтетін халық жазушысына арналған туындының да тұсауы кесілді. Ал қазақ ақынының тұлғасы мен шығармашылығына арналған «Reverie Rewire» еңбегінің авторы, композитор Лейла Романова іс-шараға қатысу үшін арнайы Алматыға келіпті.  

«Бағдарлама біз үшін ерекше, себебі бүгін әзірбайжан композиторларының туындыларын орындаймыз. Музыка арқылы жаңа мәдениетпен танысқан ұнайды. Көрермендер концерттен ләззат алады деген ойдамын», – деді ҚР Халық әртісі Гаухар Муразбекова.