Қазақстанда картоп пен сәбіз арзандады

Қазақстанда картоп пен сәбіз арзандады
Сурет: Gov.kz

Картоп бағасы 64%-ға, ал сәбіз 54%-ға төмендеді.

Соңғы үш аптада Қазақстанда пияз 4%, ал қырыққабат 2% арзандапты. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысы барысында айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Министрдің айтуынша, бағаның өсуінің үлкен үлесі көкөністерге тиесілі, бұл жалпы өсімде 5,9 пайыздық тармақты алады.

Бағаны тұрақтандыру ішкі нарықты жаңа егіннің отандық көкөністерімен қанықтыру нәтижесінде мүмкін болды.

«Соңғы 3 аптада бағалар 0,7 пайыздық тармаққа төмендеді. Сонымен, олардың ең жоғары өсу кезеңінен бастап картоп 64%, сәбіз 54%, пияз 4%, қырыққабат 2% арзандады», – деді министр.

Келтірілген статистика бойынша, бағаның ең жоғары өсуі Түркістан облысында - 11,4%-ға, Қызылорда облысында және Нұр-Сұлтан қаласында 11,0%-ға тіркелді.

Бағаның ең төменгі өсімі Қарағанды облысында 8,6%-ға, Алматы қаласында 8,9%-ға және Алматы облысында 9,2%-ға белгіленді.