Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жаңартылған рейтингте рекордқа қол жеткізді
А.Бублик спорттық жолындағы ең үздік көрсеткішке қол жеткізді
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ATP рейтингісінде рекорд көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, жаңартылған рейтингте А.Бублик 37-ден 34-орынға көтерілді. Бұл – оның спорттық жолындағы ең үздік көрсеткіші.
Михаил Кукушкин 13 сатыға төмендеп, 142-орынға жайғасты. Дмитрий Попко 193-тен 195-ке сырғыды. Есесіне Тимофей Скатов бірден 25 сатыға, 299-дан 274-ге көтерілді. Жұптық сында Андрей Голубев 38-орында қалса, А.Бублик 50-ден 48-ге жоғарылады. Украинада өткен челенджер турнирінде жеңімпаз атанған Александр Недовесов 80-нен 79-орынға орналасты.