Әріптесіміз «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері атанды

Әріптесіміз «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері атанды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұдан бұрын Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында бірқатар алматылықтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Бүгінгі марапатталған азаматтардың қатарында біздің әріптесіміз, «Alatay Aqparat» ЖШС-нің құрамындағы Almaty-akshamy.kz сайтының жауапты хатшысы Бақыт Ойса да бар, деп хабарлайды біздің тілшіміз.

Әріптесімізге «Ерен еңбегі үшін» медалін Мемлекет басшысының атынан Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев тапсырды.

Журналист, баспагер Б. Ойса әр жылдары республикалық басылымдарда абыройлы қызмет атқарған.

«Alatay Aqparat» ұжымы Бақыт Бекболатұлын мемлекеттік марапатымен шын жүректен құттықтайды.