Әлемде бір аптада коронавирустан қайтыс болғандар саны 8% артқан

Әлемде бір аптада коронавирустан қайтыс болғандар саны 8% артқан
Inform.kz

Өткен аптада әлемде 3 миллионнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, 50 мыңнан астам адам қайтыс болды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Сәрсенбі күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДДСҰ) мәлім еткендей, инфекция жұқтырғандар саны жеті күнде 3%, ал қайтыс болғандар саны 8% артты.

«Соңғы бір аптада әлемде коронавирус жұқтырғандар саны оның алдындағы аптамен салыстырғанда айтарлықтай өсті (3%). Барлығы 3 млн астам жағдай тіркелді», - делінген ДДСҰ эпидемиологиялық бюллетенінде.

Қайтыс болғандар саны бір аптада 8% (50 мың адам) көбейді. Індетті жұқтырғандардың 60% Еуропа тұрғындары. Жеті күнде науқастар саны 6% артқан, Америкада – 3%, Батыс Тынық мұхиты елдерінде 2% өскен. Шығыс Жерорта теңізінде КВИ-ді жұқтыру айтарлық азайған (12%), Оңтүстік-Шығыс Азияда (9%) және Африкада (9%) да төмендеген. Індеттен қайтыс болғандардың ең көбі Оңтүстік-Шығыс Азияда тіркелді (50%).

Бюллетеньде келтірілген мәліметтерге сәйкес, 25-31 қазан аралығында әлемде 3 021 634 адам коронавирус жұқтырған және 50 477 адам қайтыс болған. Бір аптада ең көп ауру жұқтырған елдерге АҚШ (528 455), Ұлыбритания (285 028), Ресей (272 147), Түркия (182 027) және Украина (152 897) кіреді.