Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында қуыршақтар көрмесі өтуде

Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында қуыршақтар көрмесі өтуде
Сурет: 24.kz

Мәдени шараны ұйымдастыруға Ресейдің Бас консулдығы мұрындық болған

Көрме адамзаттың ғарышқа ұшқанына 60 жыл толуына және Михаил Булгаковтың 130 жылдығына арналған.  «Мәңгілік біргеміз» атты қуыршақтар көрмесі биыл бесінші рет өтіп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Көрменің биылғы тақырыбы – «Алыс және жақын жұлдыздар» деп аталады.

«Көрмеге қуыршақ өнерінің түрлі бағытын көрсететін жүзден астам шеберлердің және шығармашылық бірлестіктердің жұмыстары қойылған. Және де осы кезге дейін өткен 4 жылдық көрмеде Қазақстан, Ресей, Белгия, Белоруссия, Түркия, Франция сияқты елдердің 120 жуық қуыршақ шеберлерінің жұмыстары қойылған болатын. Және 30 000-нан астам көрермендер тамашалаған еді», - дейді Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайының қызметкері Гүлденай Бекбаулиева. 

«Мен басқа саланың адамымын. Бірақ маған адамдардың осындай өнер туындыларын жасай алатыны қызық боп тұр! Қалай қолдарынан келеді екен? Қуыршақ арқылы өмірге көзқарастарын, эмоцияларын да жеткізіп тұр ғой олар», - дейді көрмеге келуші Еламан Тілеубаев. 

Мұнда әр заманның кейіпкерлері жиналған. Бір қуыршақ әдемі болса, бірі қорқынышты. Бірақ бәрі тартымды.