Ұқыптылық – ұтқырлықтың белгісі

Ұқыптылық – ұтқырлықтың белгісі
Сурет: Journal.ahima.org

Жинақылық - жасампаздықтың нышаны

Әкім Ысқақ «Ұқыптылық атаулының ішіндегі ең жақсысы - ұқыпты сөйлеу» депті. Онысы – рас. Әр адамның ішкі жан-дүниесі ізгілік, адалдық, мейірбандық сынды қасиеттерге толы болса, сыртқы сұлбасы да жадырайды.

Ісі нық жан. Осы тақырыпшаны арнайы тауып қойдық. Өйткені, сөз бен істің қабысуы, адамның қандай қасиеттерге ие екендігін аңғартады. Әсіресе, Жапон, Кәріс, Қытай сынды елдерде қатты бағаланатын көрінеді. Берілген тапсырманы уақытылы орындау көрсеткіш болып табылатынға ұқсайды. Міне, соның нәтижесінде бірқатар критерийлер қалыптасады. Бастысы - ұқыптылық, шеберлік, кәсібилік.

Бұл аталған алғышарттар арқылы тұлғаның біліктілігін бағамдайды. Сондай-ақ, қызметті өсіреді, белгілі бір деңгейде дәреже береді. Осындай қарапайым нәрселер адамға үлкен серпін береді. Оны қанаттандырады. Болашаққа нық қадам басуға үндейді. Соңғы уақыттары осындай қағидаттар бізде де қарқын алып келеді.

Түйін. Ұқыпты болуға көп нәрсе қажет емес. Ең негізгісі ісің тиянақты, сөзің жинақы болса, озғаныңыз. Бұдан асқан әспеттеуді көріп тұрғанымыз жоқ. Сөз соңында айтарымыз, ұқыптылықты бәрі сүйеді.