«Ұстаз ұлағаты» атты көрме өтуде

«Ұстаз ұлағаты» атты көрме өтуде
Сурет: Кок.team

Қазақтың көрнекті ағартушы ұстазына арналған көрме өтіп жатыр.

ҚР Мемлекеттік орталық музейі мәліметінше, аса көрнекті халық ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай  «Ұстаз ұлағаты» атты көрмесі ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) туғанына 180 жыл толуына орай оның өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау әрі дәріптеу мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде көрме ұйымдастырылып отыр.

Ілімдар ұстаз - қазақ халқының қоғамдық ой-пікірі, мәдениеті мен әдебиеті тарихындағы жаңашыл-педагог, жаңа мектептердің ұйымдастырушысы, этнограф, фольклоршы, ақын, прозашы және орыс классиктері туындыларының аудармашысы ретінде танылған бірегей тұлға.

Көрме 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.