Қазақтың қызы АҚШ-тың қаржысын басқаруы мүмкін

Қазақтың қызы АҚШ-тың қаржысын басқаруы мүмкін
Сурет: Тwitter.com

Сәуле Омарова АҚШ Қаржы министрлігі жанындағы Валютаны бақылау басқармасының басшысы лауазымын иеленуі мүмкін.

New York Times басылымының мәліметінше, Сәуле Омарованың кандидатурасын Сенат мақұлдаса, қазақ қызы бес жыл қызмет етіп, Wall Street-тің ірі банктерімен жақын қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Валюталық бақылаушы АҚШ-тағы жергілікті және шетелдік банктердің қызметін бақылайды. Оған дейін бұл лауазымға қарастырылған 2 кандидаттан Ақ үй бас тартқан.
Америкалық басылымның жазуынша, Омарова өзге үміткерлерге қарағанда қаржы индустриясында аса танымал емес, бірақ демократтар үшін ол оңтайлы әрі маңызды кандидат. Себебі оны лауазымды қызметке тағайындау президент Байденнің нәсілдік және экономикалық теңдік қалыптастыру мүддесін қанағаттандырады.

Сәуле Омарова – Қазақстанның тумасы, қаржы секторын реттеуге және қаржы мен экономикаға мамандандырылған заң профессоры және Нью-Йорк адвокаттар алқасының мүшесі.

1989 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін, 1999 жылы Wisconsin университетін бітірп, 2001 жылы Northwestern университетінің заң факультетінде заң ғылымдарының докторы атанған. Қазір Корнелл университетінің профессоры.

Ол Джордж Буштың жанындағы АҚШ Қаржы министрлігіндегі реттеуші саясат жөніндегі арнайы кеңесші болған, оған дейін бес жыл Davis Polk & Wardwell заң фирмасында жұмыс істеген.