Қазақтың бас ақынының туғанына 176 жыл

Қазақтың  бас ақынының туғанына 176 жыл
Сурет: ғаламтордағы ашық дереккөзден алынды.

Өткен жылы философ-ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы Қазақстан Президенті Қасым-ЖомартТоқаевтың бастамасымен әлемдік және ұлттық деңгейде аталып өтті. 

Осыған орай Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты ұлы ақынның өткен жылғы тарихи мерейтойының шараларын жүйелеп, альбом-жинақ шығарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Айқын» басылымы жазғандай, «Абай мерейтойы» деп аталатын деректі-танымдық еңбек А.Құнанбайұлының 175 жылдық межесінің тынысы мен айрықша сәттерін қамтыған.

Қазақтың бас ақынының тойы – Тәуелсіз Қазақстан рухани жаңғыруының белді шарасы болса, жинақ та елдің дана рухына тағзымын, мерейтой ерекшеліктерін дәлелмен жан-жақты көрсетіп, көрнекілік пен ақпараттық негізді қатар ұстанған.

«Абай мерейтойы» жинағы Тәуелсіз Қазақстандағы мәдени-рухани құндылықтарға деген ықылас пен құрметті, зерттеу мен зерденің жаңа белесін айқындайды.