Қазақстандық медиакеңістік тағы бір телеарнамен толықты

Қазақстандық медиакеңістік тағы бір телеарнамен толықты
Сурет: 24.kz

Бұдан былай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының телевизия саласындағы ақпараттық-насихат жұмыстары осы «MUNARA TV»  телеарнасы арқылы таратылады.

«OTAU TV» ұлттық жерсеріктік телевизия желісінде (49-ыншы арна) Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы базасында құрылған «MUNARA TV» республикалық рухани-ағартушылық телеарнасы ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚМДБ Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің хабарлауынша, «MUNARA TV» халықтың діни сауатын арттыруды, жас көрермендердің бойына имандылық, адамгершілік, патриотизм сынды құндылықтарды қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар, телеарна арқылы онлайн дәрістер ұйымдастыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, өзекті мәселелер төңірегіндегі сұрақтарға тікелей эфирде жауап беріледі.