Мемлекеттік еңбек инспекторлары 13 мыңнан астам жұмыскердің жалақысын алып берді

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 13 мыңнан астам жұмыскердің жалақысын алып берді
Сурет: Inbusiness.kz

Жұмыскерлерге 3,2 млрд теңге төленді.

Қазақстандағы мемлекеттік еңбек инспекторлары жалақысы деп кезінде ала алмай жүрген азаматтардың құқығын қорғады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 564 кәсіпорнында 14,4 мың жұмыскердің алдында 3,4 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады»,– делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 570 нұсқама беріліп, 64,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалған.