Қазақстандық балуандар Польшада еркін күрестен 8 медаль ұтып алды

Қазақстандық балуандар Польшада еркін күрестен 8 медаль ұтып алды
Сурет: Olympic.kz

Жерлестеріміз ел қоржынына төрт алтын, бір күміс және үш қола медаль салды

Қазақстандық балуандар Закопанеде Польша күрес федерациясының президенті кубогінде топ жарды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Еркін күрестен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындығын Польшада жалғастыруда. Ел құрамасы оқу-жаттығу жиыны барысында Польша күрес федерациясы ұйымдастырған халықаралық додаға қатысты. Нәтижесінде отандық балуандар төрт алтын, бір күміс және үш қола - барлығы сегіз медаль ұтып алды.