Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен футзалдан екі ойын өткізеді

Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен футзалдан екі ойын өткізеді

Екі футбол Федерациясы арасында тиісті уағдаластыққа қол жеткізілді

Еуро-2022 чемпионатына дайындық аясында Қазақстан құрамасы бас бапкер Рикардо Каканың басшылығымен Өзбекстан құрамасына қарсы екі жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ойын 2021 жылдың 14 және 15 желтоқсанында елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Кездесу 19:00-де басталады.

Еске сала кетсек, Қазақстан 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерландыда өтетін Еуро-2022 чемпионатына қатысады. Қазақстандықтардың В тобындағы қарсыластары Словения, Италия және Финляндия болады.