Қазақстан мен Өзбекстан арасында халықаралық жаңа рейс ашылды

Қазақстан мен Өзбекстан арасында халықаралық жаңа рейс ашылды
Сурет: Gazeta.ru

Ертеңнен бастап аптасына 2 рет жиілікпен Ақтөбе – Нүкіс бағыты бойынша екі ел арасында әуе рейсі қатынайтын болды.

Қазіргі уақытта екі ел арасында 32 тұрақты рейс бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ИИДМ телеграм каналына сілтеме жасап.

Бұдан бұрын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің Өзбекстан Республикасының Көлік министрі Илхом Махкамовпен кездескенін хабарлағанбыз.

Аталған рейс - сол келіссөздің нәтижесі. Халықаралық жаңа бағыттың ашылуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.