Қазақстан бокстан Азия чемпионатында 8 алтын медаль алды

Қазақстан бокстан Азия чемпионатында 8 алтын медаль алды
сурет: Olympic.kz

12 медальдың 8-і алтын.

Біріккен Араб Әмірліктерінде бокстан жастар Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы аталмыш жарыста 12 медаль алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиадалық комитет сайтына сілтеме жасап.

12 медальдың 8-і алтын. Сондай-ақ Қазақстан құрамасының үлесінде 2 күміс және 2 қола медаль бар. Алтын медальды Санжар Тәшкенбай (48 кг дейін), Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг дейін), Әбдікәрім Әбдіғалым (57 кг дейін), Ерасыл Ермек (60 кг дейін), Ернұр Сүйінбай (63,5 кг дейін), Абзал Серік (67 кг дейін), Бақберген Әлиасқаров (75 кг дейін), Темірдан Мұқатаев (86 кг дейін) алды. Күміс медальға Мәди Әміров (96 кг дейін) мен Даниял Сапарбай (92 кг дейін) лайықты деп танылды. Қола медальға Арман Алматұлы (71 кг дейін) мен Дәурен Мамыр (82 кг дейін) қол жеткізді.