Қазақстанның Бас прокуроры тағайындалды

Қазақстанның  Бас прокуроры тағайындалды
Сурет: Inbusiness.kz

Бұл қызметке Берік Асылов тағайындалды.

Мемлекет басшысының өкімімен Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ Президенттің баспасөз қызметі Берік Асыловты ҚР Бас прокуроры етіп тағайындау туралы қаулы шыққанын мәлім етті.

«Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры лауазымына тағайындалсын», - делінген 3 наурызда шыққан құжатта.