Қазақ КСР білім беру министрі өмірден өтті

Қазақ КСР білім беру министрі өмірден өтті
Cурет: Ашық дереккөз

Ол үнемі білім беру ісіндегі жаңалықтарды қадағалап, өз тәжірибесімен бөлісіп отыратын

Отандық білім беру ісінің корифейі, Қазақ КСР білім беру министрі болған Қажахмет Балахметов 96 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қаралы хабармен әлеуметтік желіде ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бөлісті.

Бүгін отандық білім беру ісінің корифейі, Қазақ КСР білім беру министрі болған Қажахмет Балахметов өмірден өткендігі туралы суыт хабар жетіп, көңілді құлазытты.
Қажахмет Балахметұлы еліміздің білім беру саласын дамытуға баға жетпес үлес қосқан адам. Бұл саланы 13 жылдан астам басқарған ол, балалар мен жастарды оқыту мәселесіне ерекше назар аударатын. 
Соңғы рет Қажахмет Балахметовпен биыл жазда 95 жас мерейтойымен құттықтап барғанымда кездесіп едік. Ол үнемі білім беру ісіндегі жаңалықтарды қадағалап, өз тәжірибесімен бөлісіп отыратын. 
Қажахмет Балахметұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын,-деп жазды министр.