ШҚО-да адасып кеткен 3 шопан табылды

ШҚО-да адасып кеткен 3 шопан табылды
Cурет: Аltaynews.kz

Құтқарушылар тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді

Зайсан ауданында үш бірдей ер адам бір отар қоймен бірге жоғалып кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алтайньюс агенттігіне сілтеме жасап.

Шопандар Біржан ауылдық округі ауданындағы қыстақтан таңертең ерте шығып, қайтып оралмаған. Олардың жоғалып кеткендігі туралы ТЖ қызметіне жергілікті тұрғындар хабарлапты. 

«Оқиға орнына келген құтқарушылар дереу іздеу жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде, отар қоймен адасып жүрген шопанды тапты. Тағы бір ер адам екі сағаттан кейін табылды.  Артынша үшінші шопан да аман-есен табылды. Жоғары өтімді КУНГ техникасында құтқарушылар жоғалғандарды қыстауға дейін жеткізді. Қазір оларға қауіп төніп тұрған жоқ», - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.