Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Сурет: Akorda.kz

Қазақстан Президенті Махараштра штатында болған су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және үйлер мен ғимараттардың қирағаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

Мемлекет басшысы Үндістандағы табиғи апатқа ұшырағандарға көңіл айтып, ел президенті Рам Нат Ковиндке жеделхат жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған адамдардың отбасыларына көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Із-түзсіз жоғалған отандастарыңыз өз отбасыларына аман-есен оралсын. Осындай қиын-қыстау шақта біз Үндістан халқымен біргеміз», – делінген жеделхат мәтінінде.