Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды

Зульфия Чиншанло ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды
Сурет: Olympic.kz

Қоссайыс нәтижесі бойынша ол 220 кг нәтиже көрсетті

Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло Бахрейнде ауыр атлетикадан өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 55 кг-ға дейінгі салмақта алтын медальды жеңіп алды. Қоссайыс нәтижесі бойынша ол 220 (95+125) кг нәтиже көрсетті.

Екінші орынды 210 кг салмақта қытайлық Линлу Лю жеңіп алды. Үшінші орынға 193 кг-ға дейінгі салмақта өзбекстандық Нигора Абдуллаева қол жеткізді.