Жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау жұмыстарын жалғастыру қажет

Жұқпалы ауруларға қарсы вакциналау жұмыстарын жалғастыру қажет
Сурет: интернеттен

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деді.

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер COVID-19-ға қарсы күресу, «омикрон» жаңа штамы таралған елдерде болған қазақстандықтардың оралуы және одан кейінгі карантин мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысты болды.

Вице-премьер елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтіп, халықты коронавирустық инфекцияға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті. 

Ведомствоаралық комиссия жоспарлы иммундаумен қамту 10 ай ішіндегі оңтайлы көрсеткіш жоспарлы 95%-дың 79%-ын құрайтынын атап өтті. Республиканың барлық өңірлерінде пневмококк инфекциясы, көкжөтел, дифтерия, сіреспеге (АКДС) қарсы вакциналаумен қамтуға қол жеткізілмеген.

Республикалық мәннен төмен көрсеткіштер Атырау (62,3 %), Павлодар (64,7 %), Ақтөбе (66,1 %), Маңғыстау (66,4 %), Батыс Қазақстан облыстарында (67,4 %) және Алматы қаласында (63,4%) байқалады. Иммундау қарқыны қазан айынан бастап тұрақты төмендеп келе жатқан  өңірлердің, Қарағанды, Алматы, Атырау, Ақтөбе облыстарының басшыларына сеніп тапсырылған аумақтардың халқын вакциналаумен қамтуды ерекше бақылауға алу тапсырмасы берілді.